Спорт – денсаулық кепілі. Спорт – адамды шыдамды етеді, қиындыққа бойынсұнбауға тәрбиелейді, қиындықпен күресуді үйретеді. Нағыз спортшы адам, әр жеңілісін, жеңіске деген құлшыныс деп санайды және одан күш алып, дайындығын одан ары пысықтайды. Әр спорттың дайындығы бөлек, өсу жолы бөлек, қиындығы бөлек, әр жеңісінің сезімі, қуанышы бөлек. Сол секілді, кереметтей жеңісін қайталанбастай орындаған жерлесіміз Щучинск қаласының тумасы Владимир Михайлович Смирнов. 1964 жылдың 7 наурызында Щучинск қаласында дүниеге келген. Өзінің спорттық өмірінде талай рет үлкен додаларға қатысып, сол белсенді дайындықтың арқасында, 1994 жылы шаңғы Олимпиадасында төрт дүркін Әлем чемпионы атанды, төрт дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері, екі дүркін қола медаль жүлдегері. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғалы бері жалғыз алтын медаль алып келген – Владимир Смирнов. 2024 жыл наурыз айында Владимир Смирновқа 60 жыл толады, сонымен қатар Әлем чемпионы атанғанына 30 жыл толады. Мұндай төл мерекені Владимир Смирнов өзінің кіндік қаны тамған Щучинск қаласында атап өтуді жөн көрді. Осындай өзінің мерей тойында жастарға стимул болатындай етіп Щучинск қаласындағы Олимпиадаға дайындық орталығында жоғары дәрежедегі сайыс өткізді. Сайысқа Ақмолалық жерлестер қатысып таласты бәйге өткізді. Біз үшін қуанышты сәттердің бірі осы мерей тойға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжінің жеке құрамының қатысу мүмкіндігі болды. Әскери колледждің кадеттері салтанатты іс-шараның өтуіне атсалысып белсене қатысты. Сонымен қатар аты аңызға айналған спортшымен жеке кездесіп, оның алғысын алып естелікке суретке түсті. Аталған іс-шараға бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиевте қатысты. Аты шулы спортшыменде Әскери колледж кадеттері естелік суретке түсті. Бүгінгі күн, ертеңгі тарих. Бар тұлғаны, бар кезде құрметтеп, тәжірибиелерімен бөлісіп, спорттың қыр-сырын үйреніп алу жас ұрпаққа табылмас, сарқылмас білім болмақ.

Мереке Жумабеков
ҚР ҚМ Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледждің Мәдени демалыс орталығының бастығы