Ауыл тарихында алғаш рет ашылған мәдениет нысанының тұсауын Қосшы қаласының әкімі Gaidar Kasenov пен ақсақалдар кеңесінің мүшесі Байкенов Асылхан ақсақал кесті. Салтанатты шараға ауыл тұрғындары, қалалық мәслихаттың депутаттары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Сыйымдылығы екі жүз орынға арналған ғимаратта мәдениет пен руханиятты дамыту үшін кітапхана, концерт залы, коворкинг, көрме және жәрмеңкелер үшін арнаулы орындар, сондай-ақ Тайтөбе таланттыларының талабын ұштайтын домбыра, эстрадалық вокал, би өнерінің үйірмелері тегін жұмыс істейтін болады.
Мәдениет үйінің директоры, республикалық байқаулардың лауреаты, Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория түлегі, домбырашы, компазитор Оспанов Нұриддин Мұсаұлы.
Смағұлова Ақмарал Жалғасбайқызы — республикалық байқаулардың лауреаты, Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория түлегі, этрадалық вокал үйірмесінің жетекшісі және би үйірмесінің жетекшісі – Венере Ержанқызы халықаралық байқаулардың жүлдегері.
Салтанатты шара Тайтөбе ауылы шеберлерінің көрмесімен, өнерпаздардың концертімен жалғасты.