ТОО «Агрофирма «Родина» и АО «Агрофирма «Актык» завершили посевную кампанию

3

«Родина» Агрофирмасы» ЖШС және «Ақтық» Агрофирмасы» АҚ егіс науқанын аяқтады

Көктем – ауыл шаруашылығы саласы үшін ең қызу кезең. Целиноград ауданында көктемгі дала жұмыстары – егіс науқаны өз мәресіне жетуде. Аталған маусымның сәтті аяқталуымен «Родина» ЖШС және «Ақтық» АҚ еңбек ұжымдары құттықтаулар қабылдап жатыр.

«Родина» ЖШС берген мәліметке сәйкес, биылғы жылы жалпы егістік алқабы 30 256 гектарды құрады. Оның ішінде 22 665 гектарға дәнді дақылдар, 2 000 гектарға майлы дақылдар, 1 930 гектарға сүрлемге арналған жүгері, 3 900 гектарға біржылдық шөптер егілді.

«Ақтық» АҚ да көктемгі дала жұмыстарын табысты аяқтап, дәнді және бұршақты дақылдарды 22 000 гектар алқапқа септі. Біржылдық шөптер 2 500 гектар жерге орналастырылды.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, 2025 жылы Целиноград ауданындағы жалпы жаздық егіс көлемі шамамен 260 000 гектарды құрауы тиіс. Бүгінгі таңда дәнді және бұршақты дақылдар 140 000 гектарға жуық жерге егілген. Жем-шөп дақылдары, картоп және көкөніс дақылдарының егісі 80%-ға орындалды.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Омар Әбуовтың айтуынша, өнімділікті арттыру мақсатында шаруалар шамамен 2 000 тонна минералдық тыңайтқыш енгізген. Бұл күзде мол өнім алуға берік негіз қалайды.

Ауданда ауыл шаруашылығын техникалық жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылдың басынан бері аудан шаруашылықтары жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге 53 бірлік заманауи ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатып алған. Бұл егіншілік жұмыстарын сапалы әрі тиімді атқаруға зор мүмкіндік береді.

Көктемгі егіс науқанының аяқталуы – болашақ мол өнімнің негізі. Целиноград ауданының аграрийлері үйлесімді еңбектің, заманауи агротехнологиялардың және мемлекеттік қолдаудың арқасында алдағы маусымға сеніммен қарап, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне өз үлесін қосуда.

ТОО «Агрофирма «Родина» и АО «Агрофирма «Актык» завершили посевную кампанию

Весна — горячая пора для аграриев. В Целиноградском районе крестьянские и фермерские хозяйства завершают одни из самых важных сельскохозяйственных работ —  яровой сев.

Поздравления с завершением весенних полевых работ принимают коллективы ТОО «Агрофирма «Родина» и АО «Агрофирма «Актык».

По информации ТОО «Агрофирма Родина», в текущем году посевная площадь составила 30 256 гектаров. 22 665 га заняты зерновыми культурами, 2000 гектаров масличными, 1930 га — кукурузой на силос, 3900 га однолетними травами.

АО «Агрофирма Актык» также завершила весенние полевые работы, засеяв 22 000 гектаров зерновыми и зернобобовыми культурами. Однолетние травы размещены на площади 2 500 гектаров.

Как сообщили в районном отделе сельского хозяйства, общая площадь ярового сева в Целиноградском районе в 2025 году должна составить около 260 000 гектаров. На сегодняшний день зерновые и зернобобовые культуры засеяны на площади почти 140 000 га. Посев кормовых культур, картофеля и овощей завершён на 80%.

По словам руководителя отдела сельского хозяйства Целиноградского района Омара Абуова, в целях повышения урожайности аграрии внесли около 2 000 тонн минеральных удобрений, что создаёт прочную основу для получения высоких результатов осенью.

Особое внимание в районе уделяется техническому переоснащению сельхозпроизводства. Только с прошлого года аграрии района приобрели 53 единицы сельскохозяйственной техники и оборудования на общую сумму 1,9 млрд. тенге.

Завершение посевной кампании — важный этап, закладывающий фундамент будущего урожая. Благодаря слаженной работе сельхозпредприятий, применению современных агротехнологий и поддержке со стороны государства, аграрии Целиноградского района уверенно смотрят в будущее и продолжают вносить весомый вклад в продовольственную безопасность региона.